2025 жылғы 26–30 мамыр аралығында филология ғылымдарының докторы, Жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің профессоры Б.Х. Қусанова Польшадағы Краков қаласындағы Білім беру жөніндегі ұлттық комиссия университетінің магистранттарына дәрістер оқыды. Іссапар Еуропалық Одақтың Erasmus+ халықаралық кредиттік ұтқырлық бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.
Айта кетейік, университеттер 2018/2019 оқу жылынан бастап халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламаларын іске асырып келеді.