• Қазақ тілі
  • Русский
  • English

Шэньян қаласында ректорларға арналған семинардың ресми ашылу салтанаты өтті

2025 жылғы 5 маусымда Қытай Халық Республикасының Шэньян қаласындағы Шэньян педагогикалық университетінде ректорларға арналған халықаралық семинардың ресми ашылу салтанаты өтті.

Салтанатты шарада Шэньян педагогикалық университетінің ректоры Ян Сун ханым, Ляонин провинциясының сауда департаменті жанындағы сыртқы экономикалық байланыстар бөлімінің басшысы Гао Юань мырза, Ляонин провинциясының білім беру департаменті жанындағы халықаралық ынтымақтастық бөлімінің басшысы Хань Дунмэй ханым, сондай-ақ Шэньян педагогикалық университетінің Педагогикалық ғылымдар институтының профессоры Пяо Сюэтао мырза сөз сөйледі.

Баишев университетінен семинарға HR департаментінің директоры Н.И. Юрченко және IT департаментінің директоры А.Р. Кунсаков қатысуда.

Семинарға Армения, Өзбекстан және Қазақстанның жоғары оқу орындарының өкілдері қатысуда. Іс-шара 2025 жылғы 18 маусымға дейін жалғасады және жоғары білім саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға, қатысушылардың басқарушылық біліктілігін жоғарылатуға бағытталған.

Skip to content