13 қараша 2025 жылы Баишев Университетінің 30 жылдығы аясында, Ұлттық валюта күні мен Қаржыгерлердің кәсіби мерекесіне байланысты «Тапқыр достар» атты қаржылық сауаттылыққа арналған интеллектуалдық сайыс өтті. Сайысқа 6В04131- «Қаржы», 6В04141- «Есеп және аудит», 6В04111- «Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламаларының білімалушылары қатысты. Шара білімалушылардың қаржы саласындағы білімін тереңдетіп, логикалық ойлау мен командалық жұмысты дамытуға бағытталды. Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, ерекше әсер қалдырды. Қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.
