• Қазақ тілі
  • Русский
  • English

«Жыр семсері – Жиенғали Тілепбергенұлы»

Құдіретті қаламының күшімен күллі қазақ жұртына, ұлт баспасөзі мен журналистикасына, әдебиетіне, халық ағарту ісіне жанқиярлықпен қызмет еткен жерлесіміз, Темір топырағының перзенті Жиенғали Тілепбергенұлының туғанына биыл 130 жыл толып отыр. Соған орай Темір елді мекенінде жазушы-журналист, драматург Жиенғали Тілепбергенұлының 130 жылдығына арналған республикалық  тарихи-танымдық конференция өткен болатын. Алматы, Астана, Ақтөбе қалаларынан келген ұлт зиялыларын, қонақтарды  Темір жұртшылығы, мерейтойды ұйымдастырушылар  құрметпен қарсы алып, Темірдің тарихи орындарымен таныстырды. Баишев университетінің «Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау» білім беру бағдарламасының қауымдастырылған профессоры (доцент), білім беру саласындағы профессор Ниязова Ғайша Мұхамбетқызы өзінің бірнеше жылдан бері зерттеп келе жатқан, диссертациясының басты тақырыбына айналған  Жиенғали Тілепбергенұлының өмірі мен шығармашылығы жөнінде «Жыр семсері – Жиенғали Тілепбергенұлы» атты тарихи-танымдық баяндамасымен таныстырып, облыстық шараға қатысып қайтты.

Skip to content