• Қазақ тілі
  • Русский
  • English

Ғылым саласындағы сыйлықақылар, мемлекеттік ғылыми стипендиялар алуға арналған конкурс

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі ғылым саласындағы сыйлықақылар, мемлекеттік ғылыми стипендиялар алуға арналған конкурс жариялайды.

Конкурс Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 466 бұйрығымен бекітілген ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Сыйлықақылар мен мемлекеттік ғылыми стипендияларды беруге арналған конкурстарға ғалымдар мен ғылыми қызметкерлер болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары қатысады.

Ғылым саласындағы сыйлықақыларға, мемлекеттік ғылыми стипендияларға үміткерлердің жұмыстарын қабылдау «Ұлттық инновациялық жүйенің Бірыңғай терезесі» ақпараттық жүйесі арқылы электрондық форматта жүзеге асырылады.

Сыйлықақы алуға өтінім беру: https://astanahub.com/ru/l/awards

Мемлекеттік ғылыми стипендия алуға өтінім беру: https://astanahub.com/ru/l/scholarships

Толық ақпарат  https://www.gov.kz/memleket/entities/science/press/news/details/1095104?lang=kk сайтында көрестілген

Skip to content