• Қазақ тілі
  • Русский
  • English

“Бастауыш сынып мұғалімдерінің мектептегі әдістемелік бірлестігі қызметін ұйымдастыруда жаңашыл әдістерді қолдану”

Жаратылыстану-гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің ұйымдастыруымен 6В01311-“Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі” білім беру бағдарламасы ғылыми шаруашылық келісім-шарт негізінде Баишев мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімдеріне 2025 жылдың 20 қараша күні “Бастауыш сынып мұғалімдерінің мектептегі әдістемелік бірлестігі қызметін ұйымдастыруда жаңашыл әдістерді қолдану” тақырыбында әдістемелік семинар өткізді. Семинарды жаратылыстану-гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің деканы, білім беру саласындағы қауымдастырылған профессор (доцент) Б.С.Кульбаева ашып берді. Бұл әдістемелік семинар барысында ұстаз тек білім беруші емес, бағыт көрсетуші тұлға, яғни ұстаздар қауымының кәсіби дамуына бағытталған мазмұнды тақырыпта заманауи білім берудің басты талаптары, тиімді сабақ жоспарлау және оқушыны болашаққа бейімдеу жолдары қарастырылатындығын атап өтті. Семинар барысында білім саласындағы профессор ассистенті Т.С.Жұмабек бастауыш сынып мұғалімдерінің мектептегі әдістемелік бірлестік аясында жүргізілетін жұмыстарына шолу жасап өтті. Қауымдастырылған профессор (доцент), білім саласының профессоры Б.Д.Калимухашева “Бастауыш сынып мұғалімдерінің мектептегі әдістемелік бірлестігі аясындағы қызметі шеңберіндегі диссеминация” тақырыбында шеберлік класс көрсетті. Қауымдастырылған профессор (доцент), білім саласының профессоры А.Қ.Каплиева “Деңгейлік тапсырмалар құрылымдаудағы саралау әдістері” тақырыбында жаңа ақпараттармен бөлісті. Әдістемелік семинар барысында бастауыш сынып мұғалімдері оқыту үрдісінде жаңашыл әдістерді қолданудың маңызы, оқушылардың қабылдау қабілеті мен оқу қарқынына қарай тапсырмаларды бейімдеу жолдары, заманауи тиімді әдістер мен тәсілдерді өз тәжірибесінде қолдауы жайлы ақпараттар алды. Бұл ұстаздар қауымына тәжірибе алмасуға, кәсіби ынтымақтастықты нығайтуға үлкен мүмкіндік берді. Ұстаздардың тәжірибесін шыңдауға, инновациялық бағытта дамуына жасалған сәтті қадам болды.

Skip to content