25 қазан Республика күні қарсаңында «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасы білім алушыларының ұйымдастыруымен танымдық-тәрбиелік шара өткізілді. Шараның мақсаты: ұлттық мерекені дәріптеу және елдік идеяны насихаттау. Шара барысында оқытушылар мен білім алушыларға еліміздің тәуелсіздігі, тарихы, ұлттық ойын түрлері, байлығы, жағрапиялық орналасуы мен мәдениеті, әдебиеті, т.б. тақырыптарды қамтыған викториналық сұрақтар қойылып, жауап берген көрермендерге шағын дәм тату ұйымдастырылды. Сұрақтар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде берілді, қорытынды жасалды, мерекелік шара жақсы көңіл-күймен аяқталды.