University Recognition

ҚР сұранысқа ие ЖОО-ның Ұлттық рейтингісі – 2021 бойынша Баишев Университеті ҚР-ның ТОП-20 үздік университеті қатарына кірді.
Университет ұсынатын білімге ашық мүмкіндікті бағалайтын «Webometrics  Ranking of World Universities» халықаралық рейтингісінің мәліметтері бойынша Баишев Университеті 2024 жылы ҚР-ның 124 университеті арасында 65-орынды иеленді.
Еуропалық Ғылыми-Өндірістік Палата ARES-2020 Қазақстан үшін Халықаралық рейтингінде Баишев Университеті «В» санаты – оқытудың сенімді сапасы, ғылыми қызмет және жұмыс берушілердің түлектерге деген сұранысы бойынша бағаланды.
https://akropolgrup.com/wp-content/uploads/2020/01/izobrazhenie_viber_2020-01-31_18-14-09.jpgҰлттық бизнес-рейтингінің 2019 жыл нәтижелері бойынша Баишев Университетін бағалауы:
25-орын – «қола» ҚР кәсіпорындары арасында «Үлгілі салық төлеуші» көрсеткіші бойынша; 
26-орын – «қола» ҚР кәсіпорындары арасында «Мемлекеттік бюджетке салым» көрсеткіші бойынша.
«Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы рейтингінде түлектердің жұмысқа орналасуы көрсеткіштері негізінде ББ бойынша Университеттің жұмысқа орналастыру орташа пайызы 85,35% құрайды.
2023 жылы H-index Қазақстандық ұлттық рейтингінде Баишев университеті ҚР-ның 148  білім мекемесі мен ғылыми-зерттеу институты арасында 87-орынды иеленді.