Баишев Университетінде психология ғылымы апталығы (2.12.2024-6.12.24) өз жұмысын бастады.



2.12.2024-6.12.2024 аралығында Баишев Университетінде психология ғылымы апталығы өз жұмысын бастады. Алдын ала апталық барысында ұйымдастырылатын іс-шаралар жоспарланып, олардың өткізілуіне жауаптылар бекітілді. Апталықтың алдына қойған негізгі мақсаты: Психология ғылымының маңыздылығын насихаттау; Университет ұжымының, оның ішінде білім алушылардың, оқытушылардың психологиялық денсаулықтарын сақтау, әрі нығайту.

Психология ғылымы апталығының қонақтары:
– Перленбетов М.А., пс.ғ.д., профессор, «Қазақ психологиялық қоғамы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті, Алматы қаласы.
– Саутенкова М.Ю., пс.ғ.к., доц., Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті Психология және арнайы педагогика кафедрасының доценті.
– Жасжанова М.Т., психодрамотерапевт, Ақтөбе облысы білім басқармасының «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығы әдістемелік бөлімінің бөлім басшысы.

Қорытынды сөз Жаратылыстану-гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің деканы, п.ғ.к., доцент Б.С.Кульбаеваға берілді. Бақыт Сағындыққызы Жүсіпбек Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығы туралы айтып, Ж.Аймауытовтың қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, психолог, публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі екенін мәлімдеді.

«Қазақ психологиялық қоғамы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе қаласындағы филиалының директоры, Баишев Университетінің Психологиялық қолдау орталығының басшысы пс.ғ.к., Ph.D. А.Ж.Миралиева Жүсіпбек Аймауытовтың сан қырлы дарын, шын мәніндегі көркем сөз шебері екенін тағы да дәлелдеді.

Психология апталығы алдағы уақытта да өз жалғасын табады, өйткені бұл іс-шара – психология ғылымының қыр-сырын насихаттау, мүмкіндіктерін пайдаланудың бірден-бір жолы.

Skip to content