Жұмыс берушілер кеңесі


Түлектердің жұмысқа орналасуы – университет жұмысының жолға қойылғандығының көрсеткіші. Баишев Университеті өз жұмысының осы саласына жіті көңіл бөледі, бұл түлектердің жұмысқа орналасуына жәрдемдесу жүйесін үнемі жетілдірілетінінен және жұмысқа орналасудың жоғары пайызынан көрінеді. Университет түлектері Қазақстан Республикасының мекемелері мен ұйымдарында және шетелде жұмыс істейді.

Университет түлектері кәсіби табысқа және мансаптық өсуге үнемі қол жеткізіп отырады, мысалы:

  • Мажит А.А. – «Эко Экспресс Ақтөбе» ЖШС, экономика-маркетинг бөлімінің басшысы;
  • Нажмадинов Н.Б. – Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы әкімі аппаратының басшысы;
  • Алиева Қ.О. – Жылыой ауданы әкім аппараты;
  • Жәулибаев Ж.Ж. — «Қазхром» ТНК Хромтау аудандық филиалы, секция бастығының орынбасары;
  • Режанов А.Б. — «Қазхром» ТНК Хромтау аудандық филиалы, учаске меңгерушісі;
  • Кужаков Д.Б. «Интергаз Орталық Азия» АҚ, Қарғалы газ мекемесінің басшысы;
  • Маханова А.Н. – «Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту орталығы» КММ директоры;
  • Беркалиева Г.Б. «Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасы» ММ қаржы-несиелік қамтамасыз ету бөлімінің басшысы;
  • Төлемісов Д. – «Казахинстрах» АҚ IT-технология бөлімінің бастығы;
  • Нұрғалиев А.М. – «Восход Ортел» ЖШС сату және логистика бөлімінің бастығы, т.б.
Skip to content