«Сұңқар» спорт клубы студенттер мен педагогикалық ұжымға арналған барлық спорттық-сауықтыру жұмыстарын ұйымдастырады және жүргізеді, оның ішінде:
- бірінші курс студенттері арасында спорттық жарыс өткізу;
- университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы мен қызметкерлері арасында спорттық жарыстар ұйымдастыру;
- университет кубогы үшін жарыстар өткізу;
- білім алушы жастармен секциялық жұмыстар ұйымдастыру;
- спорттық кештер өткізу;
- спорттың жеке және командалық түрлері бойынша спорттық дайындық жұмыстарын жүргізу;
- денсаулық күндерін ұйымдастыру;
- республикалық Универсиаданы өткізуге жәрдемдесу.