2025 жылдың 3-4 сәуір күндері аралығында өтіп жаткан STUDY IN КAZAKHSTAN халықаралық ЖОО-ы көрмесі барысында Баишев университетінің Әлеуметтік-мәдени даму проректоры Бухарбаев Шыныбек Мұсаұлы «Рика» телеарнасына сұхбат берді. Осы сұхбат барысында университеттің білім беру саласындағы жетістіктері мен даму бағыттары, сондай-ақ шетелдік студенттер үшін оқу мүмкіндіктері мен бағдарламалары туралы сөз болды.
Бухарбаев Шыныбек Мұсаұлы сұхбатында Баишев университетінің халықаралық білім беру саласындағы ықпалына ерекше тоқталып, университеттің білім сапасын арттыру мақсатында жүргізіліп жатқан жаңа жобалар мен бағдарламаларды атап өтті. Сонымен қатар, ол университеттің әлеуметтік және мәдени дамуындағы маңызды рөлін де сөз етті.