2024 жылы EUR-ACE® лейблімен Баишев университетінің 3 білім беру бағдарламасын («Құрылыс» 6В07311; «Ақпараттық жүйелер» 6В06121; 6В07111 «Автоматтандыру және басқару: көліктегі технологиялық процестерді автоматтандыру») аккредиттеген Инженерлік Білім беруді Аккредиттеу бойынша Еуропалық Желінің (ENAEE) шақырумен 2025 жылғы 29-30 мамырда университет өкілі Португалияның Лиссабон қаласында осы ұйым аккредиттеген жоғары оқу орындарының инженерлік білім беру бағдарламаларына арналған жыл сайынғы Халықаралық желілік форумға қатысты.
Биыл 22 елдің өкілдерін жинаған бұл ENAEE Форумы қатысушы мекемелер арасындағы ынтымақтастықты дамыту және түрлі салалардағы ынтымақтастықты талқылау арқылы аккредиттелген білім беру бағдарламаларының жетістіктерін бекіту үшін платформа ұсынады.
Форумға тек Қазақстанның ғана емес, сондай-ақ Азияның барлық білім беру кеңістігінің жалғыз өкілдері болып қатысқан Баишев Университеті Стратегиялық даму департаментінің директоры Л.Р.Мұхамедьярова және оның штаттан тыс көмекшісі А.А.Шатанова бірінші күні таныстырылым жасап, қатысушыларға Қазақстандағы ЖОО-лардың білім беру бағдарламаларын халықаралық аккредиттеу процестерінің негізгі аспектілері мен маңыздылығын түсіндірді және олардың практикалық түрде іске асырылуын Баишев Университетінің тәжірибесінде көрсетті.
Екінші күні біздің жоғары оқу орнының өкілі өзінің көмекшісімен бірге ENAEE рәсімдеріне қатысушы жоғары оқу орындарының өзара іс-қимылын кеңейтуге арналған воркшоптарға қатысты.
Сондай-ақ Л.Р.Мұхамедьярова Университеттің осы Форумда ұсынылған шетелдік жоғары оқу орындарымен ғылыми-білім беру және ғылыми-зерттеу ынтымақтастығы және жоғары білім беру мекемелері оқытушыларының, студенттері мен қызметкерлерінің өзара академиялық ұтқырлығы мәселелері бойынша өзара іс-қимылын жолға қоюға ықпал етті.