Академик С. Бәйішевтің туғанына 115 жыл

2024 жылы 1-2 қазан күндері Баишев Университетінде академик Сақтаған Бәйішевтің туғанына 115 жыл толуына орай мерекелік шара өтті.

Мерекелік шара барысында академик мұрасын, оның  журналистік, публицистік және мемлекеттік қайраткер қырларын, сондай-ақ, Қазақстан ғылымының дамуына қосқан үлесі насихатталды;

Сонымен қатар, академик Сақтаған Бәйішевтің 115 жылдығына орай ұйымдастырылған «Жоғары мектептің бастаушы зерттеушілерін жүйеге дайындауда тәлімгерлікті интеграциялау» атты Форум аясында жас ізденуші-ғалымдардың ғылыми жұмыстарының нәтижелері таныстырылды.