Рубрика: Uncategorized

  • Критериалды бағалау: нәтижеден жетістікке

    Критериалды бағалау: нәтижеден жетістікке

    Баишев университетінің 30 жылдық мерейтойы аясында 2026 жылғы 15 қаңтарда Жаратылыстану-гуманитарлық ғылымдары жоғары мектебінің ұйымдастыруымен «Критериалды бағалау: нәтижеден жетістікке» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.

    Семинарды қауымдастырылған профессор (доцент), білім саласының профессоры Каплиева Айгүл Қыдырбаевна жүргізді. Іс-шараға Ақтөбе қаласындағы жалпы білім беретін мектептердің педагогтері (№1 орта мектебі, №55 орта мектеп-гимназиясы, №39 қазақ орта мектебі, № 61 мектеп, Баишев мектеп-лицейі), сондай-ақ Баишев университетінің профессор-оқытушылар құрамы қатысты.

    Аталған семинардың өзектілігі Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауларында және «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасында айқындалған міндеттерді іске асыруға бағытталған маңызды кәсіби алаң ретінде айқындалды.

  • Ректор Құттықтауы!

    Ректор Құттықтауы!

    Құрметті профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлер, білім алушылар және университетіміздің қадірлі серіктестері!

    Сіздерді келе жатқан Жаңа 2026 жылмен шын жүректен құттықтаймын!

    Өткен жыл Баишев Университеті үшін маңызды жетістіктерге, жаңа бастамалар мен кәсіби жеңістерге толы болды. Бұл жарқын сәттер – сіздердің адал еңбектеріңіздің, тынымсыз ізденістеріңіздің және білімге деген құлшыныстарыңыздың нәтижесі. Университетіміздің дамуына қосқан үлестеріңіз үшін баршаңызға зор алғысымды білдіремін.

    Жаңа  жыл баршаңызға мол мүмкіндік, тың идеялар, шығармашылық табыс пен тұрақты даму әкелсін! Елімізге жарқын болашақ, әр шаңыраққа тыныштық пен береке тілеймін. Әрқайсыңызға денсаулық пен бақыт серік болғай! Студенттеріміздің білім жолында биік белестерді бағындыруына, ал әріптестерімнің кәсіби шабыт пен жаңа жетістіктерге жетуіне тілектеспін.

    Алдағы жылы да бірлесе еңбек етіп, мемлекетіміздің мүддесіне қызмет ететінімізге және университетіміздің беделін арттыра түсетінімізге сенім білдіремін.

    Жаңа жыл құтты болсын!

    Ізгі тілекпен:

    Баишев университетінің ректоры

    Лыгина Ольга Ивановна

  • Ғылым және білім: жаһандық өзгерістер дәуірі

    Ғылым және білім: жаһандық өзгерістер дәуірі

    2025 жылғы 18-20 желтоқсанда Баишев университетінің делегациясы Ресей Федерациясы Қазан қаласындағы «ТИСБИ» басқару университетінде «Ғылым және білім: жаһандық өзгерістер дәуірінде тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз етудегі негізгі драйверлер» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысына қатысты.

    Делегация құрамында «Baishev Education Group» Корпорациясының Бас директоры, философия ғылымдарының докторы Ахан Б., Баишев Университеті президентінің көмекшісі, экономика ғылымдарының кандидаты Курманкулова Р.Ж., Баишев Университетінің ректоры, PhD философия докторы Лыгина О.И. болды.

    Конференция аясында пленарлық сессия және келесі бағыттар бойынша пікірталас алаңдарының жұмысы өткізілді:

    1. «Қоғамның орнықты дамуын қамтамасыз етудегі гуманитарлық ғылымдар және білім беру»

    2. «Жаһандық сын-қатерлер жағдайында технологиялық көшбасшылықты және орнықты экономикалық өсуді қамтамасыз ету тетіктері»

    3. «Орнықты дамудың құқықтық негіздері: әлеуметтік әділеттілік пен экономикалық өсуді қамтамасыз етудегі құқықтың рөлі»

    4. «Цифрлық технологияларды ғылым мен білім беруге ықпалдастыру: қоғамның орнықты дамуына апаратын жол»

    5. «Орнықты даму стратегияларын іске асырудағы жобалық басқару»

    6. «21-ғасырдың білімі: өңірдің орнықты дамуының факторы ретінде орта кәсіптік білім берудегі инновациялық тәсілдер мен технологиялар»

    7. «Дене шынықтыру және спорт жүйесін жетілдірудің қазіргі заманғы тәсілдері»

  • Бекежан Ахан ҚР министрі Саясат Нұрбектің қабылдауында болды

    Бекежан Ахан ҚР министрі Саясат Нұрбектің қабылдауында болды

    25 желтоқсан 2025 жылы Баишев білім корпорациясының Бас директоры Бекежан Ахан Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің қабылдауында болып, Баишев университетінің тыныс-тіршілігі, алдағы жоспары және жаңа кампус құрылысының салыну барысы баяндалып, сонымен қатар халықаралық байланысты нығайту мәселелері жөнінде сөз қозғады.

  • XIII Жазғы Универсиада

    XIII Жазғы Универсиада

    Баханова Гүлнұр – Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындары ұйымдары арасындағы XIII Жазғы Универсиадада дзюдо күресінен 70 кг салмақ дәрежесінде I орынды иеленді.
    Түркістан қаласы, 19.05.2025 ж.

    Болатпаев Ербол – Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындары ұйымдары арасындағы XIII Жазғы Универсиадада қазақ күресінен 55 кг салмақ дәрежесінде II орынды иеленді.
    Түркістан қаласы, 13.06.2025 ж.

    Өтегенов Нұрлан – Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындары ұйымдары арасындағы XIII Жазғы Универсиадада еркін күрестен 79 кг салмақ дәрежесінде III орынды иеленді.
    Түркістан қаласы, 08.06.2025 ж.

    Мекебаев Алихан – Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындары ұйымдары арасындағы XIII Жазғы Универсиадада бокстан 75 кг салмақ дәрежесінде III орынды иеленді.
    Түркістан қаласы, 13.06.2025 ж.

    Бакытжан Аман – XXXII Жазғы Бүкіләлемдік Универсиадада (World University Games) дзюдо күресінен 60 кг салмақ дәрежесінде III орынды иеленді.
    Германия, Рейн-Рур қаласы, 17–24.07.2025 ж.

    Баханова Гүлнұр – III Түркі Универсиадасында дзюдо күресінен I орынды иеленді.
    Қырғыз Республикасы, Чолпон-Ата қаласы, 05.09.2025 ж.

  • «Орталық Азияда ағылшын тілін жеделдетіп оқыту»

    «Орталық Азияда ағылшын тілін жеделдетіп оқыту»

    Британ Кеңесінің «Қазақстан мен Өзбекстанда ағылшын тілі оқытушыларының мансаптық өсуін қолдау жөніндегі стратегиялық іс-шараларды күшейту» халықаралық жобасы шеңберінде 9-11 желтоқсанда Л.Н.Гумилёв атындағы ЕҰУ базасында «Орталық Азияда ағылшын тілін жеделдетіп оқыту» атты ауқымды халықаралық конференция өтті.

    Жобаны Линкольн университеті арқылы Британдық Кеңес қаржыландырды, оны профессорлар Оланреванджу Олайе (Ларри) және Элисон Раби белсенді түрде бастады және жүзеге асырды. Іс – шара Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан университеттерімен бірлесіп, жоба серіктестері – Линкольн университеті (Ұлыбритания), Л.Н.Гумилёв атындағы ЕҰУ, Баишев университеті, Әбу Райхан Беруни атындағы Үргенш мемлекеттік университеті (Үргенш, Өзбекстан) және Бішкек мемлекеттік университеті (Қырғызстан) бірлесіп өткізілді.

    Үш күндік бағдарлама аясында Л.Н.Гумилёв атындағы ЕҰУ және  А.Құнанбаев атындағы № 87 мектеп-гимназиясы базасында халықаралық конференция, семинар, нетворкинг-сессиялар өтті, бұл қатысушылар арасында кәсіби байланыстарды дамытуға және тәжірибе алмасуға ықпал етті.

    Қатысушылар мен қонақтардың салтанатты құттықтауын Қазақстандағы Британ Кеңесінің директоры Роберт Тейлор айтты. Іс-шараны жетекші мамандар, соның ішінде доктор Ларри, ф.ғ.д., профессор Б.Х.Кусанова және ф.ғ.к. Ж.А.Бейсембаева жүргізді. Жобаның мақсатты аудиториясына жоғары оқу орындарының оқытушылары, мектеп мұғалімдері, жетекші әдіскерлер, докторанттар, бакалавриат және магистратура студенттері кірді.

    Жаратылыстану-гуманитарлық ғылымдар Жоғары мектебі «6В017 Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау», «7М017 Тілдер және әдебиет бойынша педагогтерді даярлау» бағыттары бойынша білім беру саласындағы профессордың ассистенті, магистр Г.Н.Туржанова конференцияға белсенді қатысып, «Көпмәдениеттік және көптілділік контекстінде қарым-қатынастың грамматикалық құралдарын оқыту» тақырыбында зерттеу ұсынды. Сондай-ақ конференцияда Баишев мектеп-лицейінің мұғалімі Амангелдіқызы Арайлым баяндама жасады.

    Бұл конференция ағылшын тілі оқытушыларының біліктілігін дамыту және білім беру саласындағы халықаралық ғылыми байланыстарды нығайту үшін маңызды оқиға болды.

  • «Өсу нүктесі: оқытушының жұмысындағы заманауи бағалау»

    «Өсу нүктесі: оқытушының жұмысындағы заманауи бағалау»

    2025 жылдың 28 қараша мен 4 желтоқсан күндері аралығында Баишев Университетінде «Оқыту нәтижелерін бағалаудың заманауи әдістері» атты кезекті семинар өтті. Бағдарлама барысында жоғары мектептің оқытушылары білім алушылардың қажеттіліктеріне бағытталған оқу мақсаттарын тұжырымдаудың өзекті тәсілдеріне игеріп, оларға арналған тапсырмалар мен нақты дескрипторларды әзірледі.

    Критериалды бағалауға, оның білім беру процесінің ашықтығы мен объективтілігін арттырудағы рөліне ерекше назар аударылды. Қатысушылар бағалау процесін оңтайландыруға, оны оқытушы үшін де, білім алушылар үшін де икемді, көрнекі және ыңғайлы етуге мүмкіндік беретін сандық құралдардың мүмкіндіктерін зерттеді.

    Семинар жоғары кәсіби деңгейде өтті, қатысушылар алынған материалдар мен идеялардың практикалық пайдалылығын атап өтті. Алынған білім оқу процесін одан әрі жетілдіру және Баишев Университетінде қазіргі заманғы білім беру практикаларын дамыту үшін негіз болады.

    Академиялық департамент

  • Р. А. Алейникова II дәрежелі Лауреат дипломымен марапатталды

    Р. А. Алейникова II дәрежелі Лауреат дипломымен марапатталды

    2025жылдың 11 қарашада Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті ұйымдастырған «Қаржы» халықаралық студенттік онлайн – олимпиадасына қатысқаны үшін 6В04131-«Қаржы» білім беру бағдарламасының   3 курс білім алушысы Р. А. Алейникова II дәрежелі Лауреат дипломымен марапатталды.

    Жетекшісі: Есентаева Г. Н.- магистр, білім саласындағы профессордың ассистенті.