Польша және Ақтөбе кітапханаларының ынтымақтастығы

2024 жылы 16-20 қыркүйекте Баишев Университетіне Ақпарат және кітапхана ісі ғылымдарының магистрі, Қазіргі тілдер Институты ағылшын филологиясы Кітапханасының  сертификатталған кураторы, Erasmusplus бағдарламасы аясында Ұлттық білім беру комиссиясы университетінің (Краков, Польша) «Кітапхана және білім» журналының редакторы Рената Цесельская-Кручек келіп кетті.

Рената Цесельская-Кручек сапар барысында С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап кітапханасының, С.Жиенбаев атындағы Ақтөбе облыстық жасөспірімдер кітапханасының ұжымымен кездесіп, Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану мұражайын аралады.