Сапаны қамтамасыз ету кепілдігі – EUR-ACE Label.docx сапа белгісі

2017 жылғы 21 қарашада Брюссельдегі инженерлік білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі Еуропалық желінің (ENAEE) Бас Ассамблеясында KazSEE Қазақстандық инженерлік білім беру қауымдастығы Орталық Азия өңірі елдерінің алғашқысы EUR-ACE Label сапа белгісін беру құқығымен инженерлік білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі Еуропалық желінің уәкілетті мүшесі болды.

2023 жылғы қыркүйекте инженерлік білім беруді аккредиттеу жөніндегі Еуропалық желінің (ENAEE) Әкімшілік кеңесінің шешімімен KAZSEE мамандарға нострификациясыз еуропалық еңбек нарығында жұмыс істеуге мүмкіндік беретін EUR-ACE Label халықаралық сапа белгісі сертификатын беру құқығымен 2029 жылға дейін қайта кредиттелді.

Қазақстанда EUR-ACE® Label (European Accredited Engineer – «Еуропалық аккредиттелген инженер») белгісін білім беруді аккредиттеу жөніндегі Орталық Азия қауымдастығы (САААЕ) береді, ол European Network for Accreditation of Engineering Education (ENAEE) мүшесі болып табылады.

25.05.2024 ж. САААЕ Баишев университетінің 3 білім беру бағдарламасының 5 жыл мерзіміне EUR-ACE®Label тағайындаумен аккредиттеу туралы шешім қабылдады:

         6В06121 «Ақпараттық жүйелер» ББ

         6В07111 «Автоматтандыру және басқару: көліктегі технологиялық процестерді автоматтандыру» ББ

         6В07311 6В07311 «Құрылыс» ББ

EUR-ACE® Label инженерлік білім беру сапасының еуропалық белгісі ЖОО-да оқытудың жоғары стандарттарының көрсеткіші болып табылады және Еуропа елдерінде жұмысқа орналасуға қосымша мүмкіндіктер береді.