Баишев Университеті білімалушыларының ғылыми қауымдастығы (БҒҚ) – өзін-өзі басқару, қызметтің ашық сипаты, өзара сыйластық рухы және студенттер арасындағы ғылыми қарым-қатынас мәдениеті қағидаттарында ғылыми, ұйымдастырушылық және зерттеу қызметін жүзеге асыратын студенттердің ерікті бірлестігі.
БҒҚ мақсаты – білімалушылардың ғылыми-зерттеу әлеуетін ашуға жәрдемдесу, ЖОО студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруда жоғары мектептер жұмысын ынталандыру; қазіргі ғылым жетістіктерін өзінің практикалық қызметінде шығармашылық және тиімді қолдана алатын студенттер мен магистранттарды дайындау сапасын арттыру.
БҒҚ міндеттері:
- студенттік ортада ғылымның мәнін арттыру;
- студенттер мен магистранттардың ғылыми белсенділігін көтеруге, олардың әлеуетін дамытуға, инновациялық технологияларды меңгерулеріне жағдай жасау;
- СҒЗЖ (студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысын) және МҒЗЖ (магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмысын) ұйымдастыру және үйлестіру;
- студенттер мен магистранттарды ғылыми сипаттағы ең маңызды және ауқымды ақпараттық платформамен қамтамасыз ету;
- басқа жоғары оқу орындарының ғылыми қауымдастықтарымен ынтымақтастық, озық үлгілер мен әдістерді енгізу арқылы студенттер мен магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру тәжірибесін зерделеу және қолдану;
- ғылым және білім саласындағы Университет қызметінің бағыттары бойынша халықаралық ынтымақтастыққа жәрдемдесу;
- студенттер мен магистранттарды гранттар, атаулы шәкіртақылар, марапаттар, моральдық және материалдық көтермелеудің басқа түрлері туралы хабардар ету;
- СҒЗЖ және МҒЗЖ бойынша түрлі ұйымдастырушылық-бұқаралық және конкурстық іс-шараларға: ғылыми семинарлар мен конференцияларға, студенттік және магистрлік ғылыми жұмыстар конкурстарына, пәндер және мамандықтар бойынша олимпиадаларға, диплом, оқу-зерттеу жұмыстарына, пікірталас клубтарына, симпозиумдарға қатысу, ұйымдастыру және өткізу;
- студенттер мен магистранттардың ғылыми зерттеулері мен ғылыми шығармашылығының нәтижелерін жариялау және практикаға енгізу арқылы оларды іс жүзінде жүзеге асыруға жәрдемдесу;
- студенттер мен магистранттарды инновациялық іс-әрекетке тарту;
- осы саладағы халықаралық жетістіктерді ескеретін және инновациялық құрылымдарда пайдалануға бағытталған жоғары технологиялық өнімдерді, инновацияларды жасауға бағытталған, ғылыми-техникалық кәсіпкерлік пен инновациялық бизнестің дағдыларын меңгеру;
- ғылыми, ұйымдастырушылық және ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсене қатысатын келешегі зор студенттерді магистратурада оқуын жалғастыру үшін, ал магистранттарды жақын және алыс шетелдердің серіктес университеттерінде докторантурада немесе аспирантурада ғылыми зерттеулерді және білім алуды жалғастыру үшін таңдау және ұсыну.