Университеттің танылуы


Университет Қазақстандағы жоғары оқу орындарының РОӘК құрамына кіреді:

  • «Бизнес және менеджмент» оқыту бағыты бойынша Narxoz университетінің РОӘК;
  • «Сәулет және құрылыс» оқыту бағыты бойынша Халықаралық білім беру корпорациясының (ҚазБСҚА) РОӘК;
  • «Тілдер және әдебиет мұғалімдерін даярлау» және «Тіл және әдебиет» оқыту бағыттары бойынша Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті РОӘК;
  • «Көлік қызметі» оқыту бағыты бойынша атындағы М.Тынышпаев атынд.ҚазАТК РОӘК.

Университет шетелдік және қазақстандық альянстармен, ассоциациялармен ынтымақтаса жұмыс жасайды.

Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің халықаралық ассоциациясы (MAPRYAL) – әлемдік мәдениеттің бір бөлігі ретінде орыс тілі мен әдебиетін танымал ету, сақтау, дамыту және зерттеу мақсатында құрылған үкіметтік емес қоғамдық бірлестік. Ассоциация мүшелері: Есенова Қ.Е., Жанпейісова Н.М., Токжанова А.М., Ерғазина А.А., Әбілдаева Қ.М., Аманғазиева М.Қ.

British Council – Британ Кеңесінің онлайн платформасы, Ұлыбританияның мәдени байланыстар мен білім беру саласындағы халықаралық ұйымы. 2017 жылғы 21 қарашада British Council мен Баишев Университеті арасында бірлескен қызмет туралы Келісімге қол қойылды, оның аясында 3 жоба бар:

  • «Researcher connect». Ақтөбе және Батыс Қазақстанда жұмыс істейтін ғылыми қызметкерлер үшін тренинг өткізуге көмектесу және ұйымдастыру.
  • «Журналистерге арналған ағылшын тілі». Ақтөбе қаласында жұмыс істейтін журналистер үшін кәсіби ағылшын курстарын өткізу.
  • «Қазақстандық университеттердегі интернационалдандыру стратегияларын бағалау». Университеттің интернационалдандыру стратегияларын бағалау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің жоғары білім саласындағы реформалардың басымдықтарына қол жеткізу үшін университетте өзін-өзі бағалау құралын пилоттық пайдалануды жүргізу.

«Академиялық орталармен өзара байланыс» Біріккен Ұлттар Ұйымы (UNAI). Қызметі Біріккен Ұлттар Ұйымының мақсаттарын қолдау үшін жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты арттыруға бағытталған. Баишев Университеті – 2015 жылдың желтоқсан айынан бастап осы ұйымның мүшесі. Бастамаға қатысу университетке біртұтас жаһандық қоғам алдындағы интеллектуалдық жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру мақсатында іс-шараларды ұйымдастыру және зерттеу жұмыстарын жүргізу бойынша белсенді жұмыс істейтін студенттер мен ғалымдардың өсіп келе жатқан желісіне ұйым мүшелігінің барлық артықшылықтарын береді.

ТМД елдері арасындағы ынтымақтастықты дамытуға көмектесетін автономды коммерциялық емес ұйым: Еуразия халықтары достастығы.
«Қызметінің мақсаты – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдер арасындағы интеграциялық үдерістерді қолдау.

«Академиялық қызмет қауымдастығы» ассоцициясы (Сербия).
Мақсаты – ТМД елдері, Балқан түбегі, Еуропа және АҚШ-тағы әріптестедің кәсіби дағдыларын, қарым-қатынасын, коммункациясын жетілдіру және дамыту, озық тәжірибелермен өзара алмасу.

ENACTUS – кәсіпкерлік әрекет күшін пайдалану арқылы адамдардың өмірін өзгерту және әлемді жақсырақ және тұрақтырақ орынға айналдыруға ұмтылатын студенттерді, бизнес көшбасшыларын және университеттерді біріктіретін халықаралық ұйым.

Skip to content Play