Ғылыми – техникалық кеңес


ҒТК құрамы

Ғылыми-техникалық кеңес (ҒТК) – университеттің ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметті қалыптастыру және практикалық жүзеге асыру саласындағы тұрақты жұмыс істейтін жоғары үйлестіруші, консультативтік-кеңесші және сараптамалық органы, ол университет ғылым секторының барлық сегменттері арасындағы тиімді өзара әрекеттесу және профессорлық-оқытушылық құрамды ғылыми-зерттеу қызметіне белсенді тарту мақсатында құрылған.

Ғылыми-техникалық кеңестің төрағасы  – ғылым және стратегиялық даму жөніндегі проректоры болып табылады

Ғылыми-техникалық кеңестің мақсаты – профессорлық-оқытушылар құрамының ғылыми қызметін белсендіру, университеттің ғылыми саясатын тиімді жүзеге асыру, университеттің ғылыми жетістіктерін кеңінен насихаттау.

Ғылыми-техникалық кеңестің негізгі міндеттері:

  • ғылымды тиімді дамыту мүддесінде университеттің біртұтас саясатын, Университетті дамыту бағдарламасын жүзеге асыру, ұлттық және жаһандық үрдістерді ескере отырып ғылыми зерттеулердің перспективалық бағыттарын анықтау;
  • университеттің профессорлық-оқытушылық құрамының ғылыми өнімді жасауға және ғылыми зерттеулер нәтижелерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға қатысуын қамтамасыз ету, оларды енгізу бойынша ұсыныстар беру;
  • университеттің ғылыми әлеуетін сақтау және дамыту;
  • іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерге ғылыми сараптама жүргізу;
  • университет ғалымдары мен студенттерінің перспективалық аяқталған ғылыми-зерттеу жұмыстарын іріктеу және ұсыну;
  • инновациялық қызметті дамытуға жәрдемдесу;
  • бірлескен ғылыми зерттеулерді ұйымдастыруда халықаралық байланыстарды дамыту және университет пен жетекші отандық және шетелдік ғылыми орталықтармен, оның ішінде халықаралық бағдарламалар шеңберінде тиімді ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесу.

Ғылыми-техникалық кеңестің құзыреттері:

  1. университеттің ғылыми бағыттарын, тақырыптық жоспарларын қарау және бекіту;
  2. ҒЗТКЖ, инновациялық жобалар, зерттеулер бойынша сараптама жүргізу және ұсыныстарды іріктеу;
  3. университеттің құрылымдық бөлімшелерімен жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының, шаруашылық келісім-шарттық және бастамашылық ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін бағалау;
  4. жоғары оқу орындары мен ғылыми бөлімдердегі ғылыми-зерттеу жұмыстарына мониторинг жүргізу;
  5. университеттің ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастырудың барлық іргелі мәселелері бойынша шешімдер қабылдау;
  6. ғылыми жобалар басшыларының, ғылыми зертханалар, орталықтар басшыларының жыл сайынғы есептерін тыңдау;
  7. монографияларға, оқулықтарға, оқу-әдістемелік құралдарға, ғылыми мақалаларға сараптама жасау;
  8. оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді, оқу-әдістемелік әзірлемелерді, монографияларды қарау және басып шығаруға ұсыныс беру;
  9. бизнес-ортаның, қаржы институттарының өкілдерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының, жақын және алыс шетелдердің жетекші ғалымдарын бірлескен ғылыми зерттеулерге тартуға жәрдемдесу;
  10. университеттің құрылымдық бөлімшелерінің ғылыми қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу.
2024-2025-оқу-жылының-ҒТК-жұмыс-жоспары_
Skip to content Play