🌿 Ақтөбеде жаңа “Жасыл саяжол” пайда болды 💚
Home Credit Bank өзінің 20 жылдық мерейтойын ізгі істермен атап өтуді жалғастыруда 🌱Банк Қазақстан қалаларын көгалдандыру және жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру мақсатында «Жасыл саяжол» экологиялық бастамасын іске асыруда 🌎
Ақтөбеде Baishev University Спорт факультетінің кампусы аумағында банк қызметкерлері мен серіктестері, әкімдік өкілдері және студенттер бірігіп, 100 қайың көшетін отырғызды 🌳. Жаңа саяжол университет кампусының бір бөлігіне айналып, студенттер мен қала тұрғындары үшін сүйікті демалыс орны болмақ ☀️
«Жасыл саяжол» жобасы еліміздің 12 қаласында жүзеге асырылады
Бастама аясында жалпы бюджеті — 36 миллион теңгеге 1200 түп ағаш отырғызу жоспарланып отыр💰
Осындай шаралар қалаларды көркейтіп, табиғатты аялау бір ғана ағаш отырғызудан басталатынын еске салады 🌿❤️
Рақмет, @homecredit_kz
