2025 жылы Индонезияда 3-5 қазан аралығында Богор қаласында самбодан жастар арасындағы әлем чемпионаты өтті. Чемпионат әлемнің түкпір-түкпірінен келген жас самбисттердің басын қосып, түрлі салмақ дәрежесінде жүлделі орындарды сарапқа салды.
Баишев университеті «Дене шынықтыру және спорт» білім бағдарламасының 1-курс студенті Калмагамбетов Данияр 64 келі салмақ дәрежесінде қатысып, жүлделі 2-орынға ие болды.
Калмагамбетов Даниярды жүлдесімен шын жүректен құттықтаймыз!
