• Қазақ тілі
  • Русский
  • English

Жомарт Расул әлем чемпионы атанды

25–30 қыркүйек аралығында Өзбекстан Республикасының Хорезм облысы, Үргеніш қаласында әмбебап жекпе-жектен (UNIFIGHT) әлем чемпионаты өтті. Ауқымды додаға 12 елдің мықты спортшылары қатысып, жасөспірімдерден бастап, ересектерге дейін барлық жас санаттары қамтылды.
Жоғары деңгейдегі дайындық пен шеберлігін көрсеткен Баишев университеті «Дене шынықтыру және спорт» білім бағдарламасының 1-курс студенті Жомарт Расул 70 келі салмақ дәрежесінде жеңіске жетіп, әлем чемпионы атанды.
Жомарт Расулдың бұл жеңісі – ел спортының өркендеуіне серпін беріп, Қазақстанның әлемдік аренадағы абыройын асқақтатты.

Skip to content