• Қазақ тілі
  • Русский
  • English

«Жастарға кеңес» жобасы аясында дөңгелек үстел өткізілді

09.10.2025 жылы Баишев университетінде Облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен және «Жаңару» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе облысындағы филиалымен бірлесе отырып, «Жастарға кеңес» жобасы аясында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы республикалық қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе облыстық филиалы қоғамдық кеңесінің мүшелері Татимов Ерлан Асқарұлы мен Кудеев Андрей Викторович, сондай-ақ Ақтөбе қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Барышев Серожатдин Жолдыбайұлы қатысты.

Іс-шараның басты мақсаты – жастар бойында патриоттық сезім мен рухани тәрбиені қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, сыбайлас жемқорлықтың, құқықбұзушылық пен нашақорлықтың алдын алу, сондай-ақ буллинг пен лудоманияға қарсы иммунитет қалыптастыру болды. Сонымен қатар, «Жастарға кеңес» жобасы аясында жастар арасында әділдік пен адалдық құндылықтарын насихаттау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және құқықтық мәдениетті арттыру мәселелері талқыланды.

Кездесу барысында қатысушылар қоғамдағы өзекті мәселелерді ортаға салып, жастардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру жолдарын қарастырды.

Шара соңында студенттерге пайдалы кеңестер беріліп, жастардың сыбайлас жемқорлықсыз болашақ құрудағы рөлі ерекше атап өтілді.

Skip to content