Жастар арасында құқықтық түсіндіру жұмысын жүргізу шеңберінде, сондай-ақ ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексіне енгізілген өзгерістерді түсіндіру мақсатында, 07.10.2025 ж. Баишев университеттің студенттерімен, Ақтөбе қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Сапақов Темірлан Бақтығалиұлы және Ақтөбе қаласы ПБ жедел уәкілі Утаралинов Орынбасар Байғаниұлы өкілдерімен кездесу өтті.
Іс-шара барысында келесі мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстары
жүргізілді:
• интернет-алаяқтықтың алдын алу шаралары;
• «дропперлік» схемаларға қатысқаны үшін қылмыстық және өзге де
жауапкершілік;
• сталкинг әрекеттеріне құқықтық баға;
• киберқылмыстар бойынша ҚР Қылмыстық кодексіне енгізілген өзгерістер.









