03.10.2025 жылы Баишев университетінің «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттері университет ауласында сенбілік өткізіп, тазалық жұмыстарын жүргізді.
Іс-шараның мақсаты – жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыру және университет аумағын таза ұстауға үлес қосу болды.
Студенттер белсенділік танытып, бірлескен еңбектің үлгісін көрсетті.
