• Қазақ тілі
  • Русский
  • English

Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы Ғылым кеңесінің кезекті отырысы өтті

2025 жылдың 21 қазанында Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетінде Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы Ғылым кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырысқа Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Абзал Әлиұлы Әбдікәрімов, облыстық басқармалардың басшылары, Баишев университетін қоса алғанда, ЖОО-ның өкілдері және ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың өкілдері қатысты.

Отырыста ғылыми зерттеулерді аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына интеграциялау, инновациялық бастамаларды қолдау және ғылыми зерттеулерді коммерцияландыру мәселелері талқыланды. Отырыста, сондай-ақ, аймақтағы ірі жер қойнауын пайдаланушылардың қолдауымен зерттеу орталықтарын құру, басымдықты зерттеу бағыттары, аймақтық ғылыми экожүйені дамыту және ғылым мен өндіріс арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері де қарастырылды.

Skip to content