«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру конкурсы (бұдан әрі – Конкурс) «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 16 наурыздағы № 124 бұйрығына сәйкес өткізіледі (бұдан әрі – Қағидалар).
Конкурсқа жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) штаттық оқытушылары болып табылатын, Конкурсқа құжаттарын тапсыру сәтінде кемінде бес жыл үзіліссіз ғылыми-педагогикалық өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
Конкурс екі кезеңде өткізіледі:
I кезең – жоғары оқу орнындағы ішкі конкурс
Өткізу мерзімі: 2025 жылғы 3-14 қараша аралығы.
Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер құжаттарды Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ҒЖБМ АЖ) арқылы электрондық форматта тапсырады.
II кезең – республикалық
Өткізу мерзімі: 2025 жылғы 1-12 желтоқсан аралығы.
Республикалық кезеңге ЖЖОКБҰ ішкі кезеңнің қорытындысы бойынша іріктелген үміткерлердің конкурстық құжаттамасын электрондық форматта ҒжБМ АЖ арқылы жолдайды, оған мыналар кіреді:
1) Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру конкурсына қатысушының өтінімі;
2) Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес сапалық және сандық көрсеткіштерге сәйкес мәліметтер (нақты мерзімі көрсетілген тармақтарды қоспағанда, соңғы 5 жылғы растайтын мәліметтер тіркеледі);
3) Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес жылдық жұмыс жоспар-кестесі;
4) ЖЖОКБҰ алқалық басқару органының шешімі;
5) кадрларды есепке алу жеке іс парағы;
6) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
7) карточкалық базада қолданыстағы 20-таңбалық ағымды шоты туралы хабарлама.
Электрондық форматта құжаттарды толтыру тәртібі туралы ақпарат үміткердің дербес электрондық мекенжайы тіркеуден өткеннен кейін ҒЖБМ АЖ (universitycontest2025.iac.kz) орналастырылады.
ЖЖОКБҰ-ның бірінші басшылары конкурстың жоғары оқу орнындағы ішкі кезеңін өткізудің және республикалық кезеңге ұсынылатын материалдардың сапалы дайындалуының жауапты тұлғалары болып табылады.
