Әріптесіміз, филология ғылымдарының докторы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Жұманазар Асан Мөңке би мұраларын зерттеп, түркі әлеміне жария қылғаны үшін Халықаралық «TURKSOY» ұйымының Алтын медалімен марапатталды.
Медаль сертификатында: «Түрік дүниесінің мәдениеті мен өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін» делінген. Медалді «TURKSOY» ұйымының Қазақстадағы өкілі Ұлықбек Есдәулетов тапсырды.



