• Қазақ тілі
  • Русский
  • English

Ректор Құттықтауы!

Құрметті профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлер, білім алушылар және университетіміздің қадірлі серіктестері!

Сіздерді келе жатқан Жаңа 2026 жылмен шын жүректен құттықтаймын!

Өткен жыл Баишев Университеті үшін маңызды жетістіктерге, жаңа бастамалар мен кәсіби жеңістерге толы болды. Бұл жарқын сәттер – сіздердің адал еңбектеріңіздің, тынымсыз ізденістеріңіздің және білімге деген құлшыныстарыңыздың нәтижесі. Университетіміздің дамуына қосқан үлестеріңіз үшін баршаңызға зор алғысымды білдіремін.

Жаңа  жыл баршаңызға мол мүмкіндік, тың идеялар, шығармашылық табыс пен тұрақты даму әкелсін! Елімізге жарқын болашақ, әр шаңыраққа тыныштық пен береке тілеймін. Әрқайсыңызға денсаулық пен бақыт серік болғай! Студенттеріміздің білім жолында биік белестерді бағындыруына, ал әріптестерімнің кәсіби шабыт пен жаңа жетістіктерге жетуіне тілектеспін.

Алдағы жылы да бірлесе еңбек етіп, мемлекетіміздің мүддесіне қызмет ететінімізге және университетіміздің беделін арттыра түсетінімізге сенім білдіремін.

Жаңа жыл құтты болсын!

Ізгі тілекпен:

Баишев университетінің ректоры

Лыгина Ольга Ивановна

Skip to content