Құрметті Баишев Университетінің түлектері! Сіздің болашақ жұмысқа орналасуыңызды және мансаптық өсуіңізді қамтамасыз ету мақсатында сіз өзіңіздің түйіндемеңізді электрондық еңбек биржасының порталына (www.enbek.kz .) орналастыруыңыз қажет.
Электрондық еңбек биржасы жұмыс іздеуге және персоналды іріктеуге жәрдемдесуге мүмкіндік беретін жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаң болып табылады. Республика бойынша бос жұмыс орындары мен ізденушілер туралы ақпарат күн сайын түрлі көздерден жаңартылып отырады:
жұмыс берушілер мен ізденушілер өз бетінше;
бос жұмыс орындары мен ізденушілердің мемлекеттік деректер базасынан (халықты жұмыспен қамту орталықтары қалыптастыратын мемлекеттік деректер базасымен интеграция);
жеке жұмыспен қамту агенттіктері;
бұқаралық ақпарат құралдарымен;
онлайн-жұмыспен қамту алаңдары.
Порталда (enbek.kz) тіркелгеннен кейін өтініш беруші ең қолайлы ұсыныстарды таңдау үшін жұмыс базасында кеңейтілген іздеу, компаниялар арасында іздеу мүмкіндігін алады.
Тіркелмеген өтініш беруші бос жұмыс орындарына жауап бере алмайды және өзінің түйіндемесін өзіне ұнайтын компанияға жібере алмайды. Әрбір тіркелген өтініш беруші шектеусіз түйіндемені орналастыруға құқылы.
Сіз порталға әлеуметтік желілердің көмегімен тіркеле аласыз, ал түйіндемені ЭЦҚ немесе ЖСН көмегімен толтыра аласыз немесе деректерді қолмен енгізе аласыз.