“ЖОО-дағы заманауи оқу материалдары” атты шеберлік сағаты



2024 жылдың 3 қазанында Баишев Университеті жоғары оқу орнында заманауи оқу материалдарын қолдануға арналған профессор-оқытушылар құрамының қатысуымен шеберлік сағаты өтті.  Университеттің академиялық жұмыстар жөніндегі проректоры Айпеисова  Сайра Апраимовна қатысушылармен ЖОО – да сабақ өткізу кезінде заманауи оқу материалдарын пайдалану мүмкіндіктерін талқылады және олардың білім алушыларға берілетін білім сапасына әсерін атап өтті.                                 

Шеберлік сағаты аясында Қульбаева Бакыт Сагиндыковна,, п. ғ. к., доцент, жаратылыстану-гуманитарлық ғылымдар Жоғары мектебінің деканы, Бекжанова Дана Бекболатовна, магистр, аға оқытушы, Нуржанова Мария Нарымбаевна, п. ғ. к., доцент, Расколодько Наталья Ивановна, пс.ғ.к., доцент, Сундетова Алмагуль Рауловна, магистр, «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» даярлау бағыты бойынша ББ басшысы, Бактыгалиева Асемгуль Темирхановна, PhD, доцент, Шлапак Елена Юрьевна, магистр, «Дизайн және құрылыс»  даярлау бағыты бойынша ББ басшысы  пікір алмасып, дәріс, практикалық және зертханалық сабақтар өткізу барысында жасанды интеллектті қолдану тәжірибесімен бөлісті.

Шеберлік сағаты қызу пікірталас форматында өтті және талқылаудың негізі мәселесі ретінде сабақтарда жасанды интеллектті пайдалану мүмкіндіктерін кеңейту қажеттілігі туралы болды, ол, өз кезегінде, білім алушылардың білім беру процесіне қызығушылығы мен білім сапасын арттыруға әсер етеді.

Іс-шара қорытындысы бойынша шеберлік сағаттың барлық қатысушыларына сертификаттар берілді.

Skip to content Play