2025 жылдың 30 сәуір күні Баишев университетінде Әлеуметтік-мәдени даму департаментінің ұйымдастыруымен «1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне» орай «Бір шаңырақ астында!» атты мерекелік іс-шара өткізілді.
Шараны Баишев білім корпорациясының бас директоры Бекежан Ахан ашып, қатысушыларға құттықтау сөзін арнады.
Іс-шараға Ақтөбе облыстық «Святло» поляктар бірлестігінің төрайымы Кондратенко Эмилия Владимировна, “Возрождение” Ақтөбе облыстық немістер қоғамы төрағасының орынбасары Цой Данил Вячеславович, Ақтөбе облысы бойынша сығандар диаспорасының мүшесі Дадусенко Татьяна Викторовна, сондай-ақ Ақтөбе облыстық “Славяндар” орталығының төрайымы Пинаева Любовь Борисовна құрметті қонақ ретінде қатысты.
Қонақтар Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылу тарихына тоқталып, өз ұлттарының өнерін көрсетті. Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толып отыр. Осы мерейтой аясында өткен шара – ел ішіндегі бейбітшілік пен келісімнің, ұлттар арасындағы достықтың жарқын көрінісі болды.