• Қазақ тілі
  • Русский
  • English

Қытай-Орталық Азия ынтымақтастығы: Үрімші қаласында өндіріс, білім беру және ғылыми зерттеулер саласындағы конференция өтуде

2025 жылдың 12-13 мамырында Қытайдың Үрімші қаласында өндіріс, білім беру, ғылыми зерттеулер және олардың қолданылуы саласындағы Қытай-Орталық Азия ынтымақтастығы жөніндегі конференция өтуде. Іс-шараны Қытай Халық Республикасының Білім министрлігі мен Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының халық үкіметі ұйымдастырды. Конференцияға Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Қытай Халық Республикасының Білім министрі Хуай Цзиньпэн, Қытай Халық Республикасының Білім министрінің орынбасары Ву Ян және Шыңжан-Ұйғыр автономиялық ауданының партия комитетінің хатшысы Ма Синьжуй, сондай-ақ қытай және қазақстандық компаниялар мен университеттердің өкілдері қатысуда.
Баишев университетінен конференцияға университеттің Президенті кеңесшісі Бекежан Ахан және Халықаралық байланыстар департаментінің қызметкері Айгерим Ахан қатысуда.

Skip to content