2025 жылғы 2 қыркүйекте Қытай Халық Республикасының Циндао қаласындағы Шандунь сыртқы сауда кәсіби колледжінде ШЫҰ елдерінің жаңа өндірістік күштерді дамыту және ынтымақтастық жөніндегі семинарының салтанатты ашылу рәсімі өтті
Ашылу салтанатында колледж ректоры, профессор Лю Минь құттықтау сөз сөйледі. Семинарға Баишев университеті атынан білім беру саласындағы қауымдастырылған профессор (доцент) Сұлтамұрат Гүлмира Изатуллақызы қатысып жатыр. Семинарға Армения мен Қазақстаннан келген оқу орындарының және өндірістік кәсіпорындардың өкілдері қатысуда. Семинар 2025 жылғы 15 қыркүйекке дейін жалғасады және жаңа өндірістік күштерді дамыту мен халықаралық ынтымақтастық тәжірибесімен алмасуға бағытталған.
Бағдарлама аясында Қытайдағы жаңа сападағы өндірістік күштерді дамыту стратегиясы, жаһандық экономикалық үрдістер, жасыл энергетиканың болашағы тақырыптарында дәрістер оқылады. Сонымен қатар, Қытайдың зауыттарына, өндірістік нысандарына және ірі компаниялардың көрме залдарына бару жоспарланған.