2025 жылдың 10-19 қыркүйегі аралығында Малайзияның Теренггану Университетінің профессоры, Ph.D. философия докторы Абдул Азиз бин К Абдул Хамидтің (Abdul Aziz Bin K Abdul Hamid) Баишев Университетіне сапары аясында «Жасанды интеллектке кіріспе және оны ғылымда қолдану» тақырыбында семинар және 7М04121-Экономика білім беру бағдарламасының 2-курс білім алушыларына «Ғылыми зерттеулердің әдістемесі және оларды жүзеге асыру»; 7М01731-Шетел тілі: екі шетел тілі білім беру бағдарламасының 2-курс білім алушыларына «Ғылыми – зерттеу жұмысының әдіснамалық негіздері»; 6В06121 – Ақпараттық жүйелер білім беру бағдарламасының 4-курс білім алушыларына «Ақпараттық қауіпсіздік және ақпаратты қорғау» пәндері бойынша дәрістер жоспарланды.