• Қазақ тілі
  • Русский
  • English

ҚХР Хайнань провинциясы Сауда департаменті Халықаралық ынтымақтастық және алмасу орталығында білім алу

Қытай Халық Республикасының Ақтөбе қаласындағы Бас консулдығының шақыртуымен Баишев Университетінің 3 қызметкері: Баишев Университетінің ректоры Лыгина О.И., Жаратылыстану-гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің білім беру саласындағы қауымдастырылған профессоры (доцент), профессор Кусанова Б.Х., Халықаралық байланыстар департаментінің директоры Ерниязова Ж.Т. 2025 жылдың 15.09-28.09. аралығында Хайнань провинциясы (Хайкоу қаласы) Сауда департаментінің Халықаралық ынтымақтастық және алмасу орталығында еркін сауда портында іскерлік ортаны жақсартуға байланысты семинар бағдарламасы бойынша білім алып жатыр. Оқыту ағылшын тілінде жүргізіледі.

Бағдарлама аясында дәрістер, сондай-ақ кәсіпорындар мен көрме залдарын аралау жоспарланған.

Skip to content