• Қазақ тілі
  • Русский
  • English

ҚХР Гуандун провинциясы Шэньчжэнь халықаралық экономикалық және технологиялық ынтымақтастыққа жәрдемдесу қауымдастығында білім алу

Қытай Халық Республикасының Ақтөбе қаласындағы Бас консулдығының шақыртуымен 2025 жылдың 17.09-30.09. аралығында қауымдастырылған профессор (доцент), Баишев Университетінің Әлеуметтік-техникалық ғылымдар жоғары мектебінің білім беру саласындағы профессоры Ж.А.Даев ҚХР Гуандун провинциясы (Шэньчжэнь қ.) Шэньчжэнь халықаралық экономикалық және технологиялық ынтымақтастыққа жәрдемдесу қауымдастығында дамушы елдер үшін арнайы экономикалық аймақтар мен еркін аймақтар салу жөніндегі семинар бағдарламасы бойынша білім алып жатыр. Семинарға 15 елден 25 тыңдаушы қатысуда. Оқыту ағылшын тілінде жүргізіледі.

Бағдарлама аясында дәрістер, сондай-ақ кәсіпорындар мен көрме залдарын аралау жоспарланған.

Skip to content