Малайзия Теренггану Университетінің профессоры, доктор Ph.D. Абдул Азиз бин К.Абдул Хамидтің (Abdul Aziz Bin K. Abdul Hamid) Баишев Университетіне сапары Бағдарламасы аясында 2025 жылдың 11 қыркүйегінде Университеттің профессор-оқытушылар құрамымен дөңгелек үстел болып өтті. Мұнда жасанды интеллектті дамытудың қазіргі заманғы бағыттары, ғылыми-зерттеу және талдау қызметін оңтайландыру үшін оның әлеуеті, сондай-ақ оны енгізудің этикалық, құқықтық және әлеуметтік аспектілеріне байланысты тәуекелдер талқыланды.