• Қазақ тілі
  • Русский
  • English

Баишев Университеті кітапханасы

Баишев университетінің кітапханасында Қазақстан Республикасы күні мерекесіне орай кітап көрмесі ұйымдастырылуда.

Көрмеге:

• Баишев университетінің профессор-оқытушылар құрамының еңбектері;

• Қазақстанның тарихы мен мемлекеттілігі бойынша ғылыми жарияланымдар мен монографиялар;

• тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерін көрсететін материалдар;

• қоғам мен құқықтың дамуы туралы оқу және ғылыми-көпшілік әдебиет ұсынылып отыр.

Көрменің мақсаты – студенттер мен оқытушыларды рухани және патриоттық құндылықтарға баулу, ел тарихы мен мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу.

Келушілер құқық, тарих және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар саласындағы отандық авторлардың еңбектерімен және профессор-оқытушылар құрамының ғылыми әзірлемелерімен таныса алады.

Skip to content