Жастарға кеңес жобасы аясында
Байшев университетінде жастармен кездесу өтті.
Кездесуге Ақтөбе облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа-орталығы филиалының басшысы Мұстафина Асель Сагингалиевна,
Ақтөбе қаласы Астана ауданы №2 КҚП КТІЖ аға инспекторы, полиция капитаны Аренжанова Гаухар Габитовна,
инспектор, полиция капитаны Муханбетказина Аймереке Нурмухановна және
Ақтөбе қалалық жастар ресурстық орталығының маманы Еркебұлан Жақсылықов қатысты.
Кездесу барысында жастар арасында жиі кездесетін өзекті тақырыптар қозғалды:
🔹 сыбайлас жемқорлық және құқықбұзушылықтың алдын алу;
🔹 темекі мен зиянды әдеттерге тәуелділік;
🔹 жастар арасындағы өзара сыйластық және бір-бірін бопсалау мәселелері.
