2025 жылдың 29 қазанында «Бизнес және басқару» даярлау бағытының 6В04111-«Мемлекеттік және жергілікті басқару», 6В04131-«Қаржы», 6В04141-«Есеп және аудит» білім беру бағдарламаларының қазақ және орыс тобының білім алушылары «Ұлттық диктант» жобасына қатысып, диктант жазды.
«Ұлттық диктант»- мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға, азаматтардың жазу сауаттылығын жетілдіруге, ұлттық бірегейлік пен тілдік мәдениетті нығайтуға бағытталған жалпы республикалық мәдени-ағартушылық жоба.
Жобаның мақсаты-мемлекеттік тілде сауатты жазу дағдысын қалыптастыру және оны насихаттау. Бұл бастама сауатты жазудың тек білім өлшемі ғана емес, сонымен бірге азаматтық жауапкершілік және тілге деген құрметтің көрінісі екенін білдіреді.
