Қазақстан Республикасы Жоғары білім қызметкерлері күні



Құрметті Баишев Университетінің профессор-оқытушылар құрамы!

Сіздерді 1 қазан – Қазақстан Республикасы Жоғары білім қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мерекенің біз үшін маңызы ерекше. Жоғары білім саласы әрқашан Қазақстан ғылымының, инновациясының және білім беру жүйесінің дамуына ықпал ететін қозғаушы күш болып қала береді. Отандық білім мен ғылымның қара шаңырағына айналған оқу ордамыз жоғары білікті мамандар даярлай отырып, жоғары білім берудің флагманы ретінде өз қызметін лайықты жалғастырып келеді.

Өскелең ұрпақты тәрбиелеуге, ғылыми әлеуетті дамытуға және оқу-тәрбие үрдістеріне инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізуге бағытталған күнделікті баға жетпес еңбектеріңіз – еліміздің қарқынды дамуының басты факторы. Жастардың тұлғалық қалыптасуы мен отандық білім беру жүйесін нығайтуға қосқан үлестеріңіз үшін Сіздерге алғысымызды білдіреміз!

Кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке, шығармашылық табыс және ғылыми-педагогикалық қызметте жаңа жетістіктер тілейміз!

Құрметпен: Баишев Университеті ректораты

Skip to content Play