• Қазақ тілі
  • Русский
  • English

Ашық сабақ: «Эссе жазуға қойылатын талаптар»

Жаратылыстану-гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің оқытушысы, магистр Сәубет Эльвира Берікқызы 2024 жылдың 6 желтоқсанында «Академиялық жазба және кәсіби тілдер модулі (Академиялық жазба)» пәнінен «6В07112 Автоматтандыру және басқару: мұнай-газ өнеркәсібіндегі процестерді автоматтандыру», «6В09131 Ветеринария», «6В07311 Құрылыс» білім беру бағдарламаларына (АжБ(мұнай)-к-423, Ветеринария-к-523, Құрылыс-к-423) «Эссе жазуға қойылатын талаптар» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Сабақ мақсаты – эссе құрылымы мен оған қойылатын талаптар бойынша түсінік беру. Сонымен қатар студенттерге жан-жақты дамуға, өзіндік жұмыс дағдысын қалыптастыруға және топта жұмыс істеуге, ғылыми-зерттеу әдістемесін меңгеруге көмектесу.

Ашық сабаққа 6В017 «Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау» бағыты ББ жетекшісі Жубантаева Ж.К., Академиялық департаменттің бас маманы Хасангалиева Б.К., Жаратылыстану-гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің доценті, ф.ғ.к., Кондыбай К.Ә. қатысты.
Магистр, оқытушы Э.Б.Сәубеттің ашық сабағы жоғары әдістемелік деңгейде өтті.

Skip to content