09.12.2024 ж. Баишев университеті Жаратылыстану-гуманитарлық ғылымдары Жоғары мектебінің профессоры з.ғ.к. И.М. Телибекова Ақтөбе облысы нотариалдық палатасының мүшесі Демжанова Шолпан Қасымхановнамен бірге «Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы (Жалпы бөлім)» пәнінің №15 «Келісімшарт түсінігі мен ережелері. Келісімшарт жасау, өзгерту және бұзу» тақырыбы бойынша Баишев Университеті «Құқықтану» мамандығы 2-курс білім алушыларына арнап «Лекция вдвоем» әдісін қолданып дәріс сабақ өткізді. Дәріс барысында дәріскерлер білім алушыларға нотариус мәмілелер мен шарттарды жасау және куәландыру ережелерін, нотариусқа қойылатын талаптар туралы айтып, өз тәжірибесін бөлісті. Сонымен қатар білім алушылар қойған сұрақтарға жауап берді.