2025 жылдың 7 қаңтарында Ақтөбе облыстық өнер мұражайында Баишев Университетінің «Дизайн» білім беру бағдарламасының аға оқытушысы, суретші Қ.Б. Ноғаевтың «Өнеріммен өрнектеймін өлкемді!» атты жеке көрмесінің ашылуы өтті. Көрмеде қазақ халқының ұлттық құндылықтарын, дәстүрлері мен мәдениетін бейнелейтін 30 шығарма ұсынылды. Қайрат Ноғаевтың жеке көрмесі 6 наурызға дейін жалғасады.