«Қазіргі әлем картасындағы ағылшын тілді елдер»



2025 жылдың 13 ақпанында Баишев Университетінде «Қазіргі әлем картасындағы ағылшын тілді елдер» тақырыбы аясында ағылшын клубының кезекті отырысы өтті (Д.Т. Кушанбаева, Баишев Университетінің ағылшын клубының жетекшісі).

Кездесу барысында клуб қатысушыларының назарына ағылшын тілінің ана тіл және ресми тіл болып табылатын бірқатар елдер жайлы көрсетілімдер ұсынылды, кеш соңы әртүрлі тақырып мазмұнын қамтыған викториналық сұрақ-жауаппен жалғасты.

Клуб мүшелері мен қонақтар (оқытушылар мен студенттер) ағылшын тілінің халықаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі ролі туралы өз әсерлерімен бөлісті (студенттердің сыртқы академиялық ұтқырлығы мен шетелдік туристік сапарлары, сондай-ақ шетелдік ғалымдардың университетке сапарлары, т.б.).

Сонымен қатар AELTLCA халықаралық лингвистикалық-педагогикалық жобасының үйлестірушілері Е. Пилипенко мен Ж. Жұбантаева және AELTLCA жобасының халықаралық университетаралық студенттік топтарының қатысушылары «Ағылшын тілін үйренудегі жасанды интеллектінің ролі» тақырыбындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының барысы туралы айтып өтті.

Skip to content