• Қазақ тілі
  • Русский
  • English

«Этномәдени бірліктер жүйесі арқылы қазақ тілін шет тілі ретінде оқыту әдістемесі»

2025 жылғы 26-28 ақпанда Баишев университетінің базасында ЖТН 19680524 «Этномәдени бірліктер жүйесі арқылы қазақ тілін шет тілі ретінде оқыту әдістемесі» (2023-2025 жылдар) ғылыми жобасын іске асыру нәтижелерін талқылау және тәжірибесімен бөлісу үшін Форум, Шебер-класс және Дөңгелек үстел өтеді.

Аталған ғылыми іс-шараларда мынадай өзекті мәселелер қозғалады:

1. Қазақ тілін шет тілі ретінде оқыту моделін енгізуде ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеу нәтижелері.

2. Оңтүстік Оралда түркі халықтарының тілдік білім беру тарихы.

3. Түркі тілін шет тілі ретінде оқыту тәжірибесі.

4. Қазақ (түркі) тілін шет тілі ретінде оқыту әдістемесі бойынша кадрларды даярлау.

5. Шетелде тұратын этникалық қазақтардың қазақ тілін оқыту моделін іске асырудың тиімділігін бағалау.

6. Шет тілдерін оқытудағы тіл мен мәдениеттің байланысы.

7. Шетелде тұратын этникалық қазақтардың тілдік портреті.

Бағдарламасы қосымша беріледі.

Қатысым түрі:

Офлайн: Ақтөбе қаласы, Ағайынды Жұбановтар көшесі, 302А, Конференц зал, 412 ауд.

Онлайн: https://telemost.yandex.ru/j/36896568228950

Полная-программа-26-28-февраля-2025-года_rotated
Skip to content