“Заң мен тәртіп” әлеуметтік жобасы аясында а. ж. 25 ақпанында Баишев университетінде, Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басқарма басшысы Бисенбин Жадан Амирханович және аға жедел уәкілі Кулдыков Мақсат Кеңесовичпен университет білім алушыларымен кездесу өтті.
Шара барысында әртүрлі тақырыптар талқыланып, әсіресе дропперлер қаржы пирамидаларына жалпы қаржылық қауіпсіздікке ерекше назар аударылды. Кездесу барысында білім алушылар келген қонақтарға сұрақтар қойып белсенді қатысты. Аталған шара өз жалғасын табады.