Жаратылыстану-гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің студенттер кеңесінің ұйымдастыруымен «Арулар-асыл жандар» мереклік шарасы өтті.
Мерекелік шара жылы лебіздер мен алғыстарға толы болды.
Студенттердің бастамасымен ұйымдастырылған концерт көпшіліктің көңілінен шықты. Өнерлі жастар әсем әндер шырқап, көрерменге ыстық ықыласын білдіріп, гүл шоқтарын ұсынды.